№2 Хромтау гимназиясы
2025 жылдың 11 наурыз күні гимназиямызда «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты өтті. Шара барысында бірлестік мұғалімдері ата-аналар мен оқушылар арасында түрлі ұлттық ойындар мен викториналар ұйымдастырды. Домбырамен күмбірлеген күй тартылып, қатысушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды. Апталық мазмұнды әрі әсерлі басталды.
«Тілім менің ғасырларға аманат» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 12 наурыз күні Ұлықбек Есдаулетұлының “Қара пима” трагедиялық поэмасы тақырыбында 10-сыныпта ашық сабақ өткізілді.
Сабақ өз мақсатына жетіп,тәрбиелік мәні зор болды.
Пән мұғалімі: Мусабаева Эльвира Александровна.
2025 жылдың 12 наурыз күні Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 8-сынып оқушылары арасында «Жұлдызды сәт» зияткерлік сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін сынап, түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Интеллектуалдық бәсеке тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсетті.
Нәтижесінде 8А сынып оқушылары жеңіске жетіп, үздік атанды. Жеңімпаздар арнайы мадақтамалармен марапатталып, сайыс барлық қатысушылар үшін есте қаларлық әсерлі сәтке айналды. Шара оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ынталандыруға зор ықпал етті.
"Тілім менің ғасырларға аманат" атты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы апталығының жоспарына сай мектебімізде 12 наурыз күні 3"А" сынып оқушылары мен "Бұл кісі - суретші" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар Ә. Қастеев тің өмірі және туындыларымен танысты. Сабақты өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тнаева Ш.К.
«Тілім менің ғасырларға аманат» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 13 наурыз күні 8а сыныбында “Әлем халқының наурызды тойлау дәстүрлері” атты ашық сабақ өткізілді. Мұғалім: Кайырбекова Г.Е.
Гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының “Тілім менің – ғасырларға аманат!” апталығы аясында 3Г сыныбында “Бұл кісі – суретші” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевке арналды. Оқушылар суретшінің өмірі мен еңбектерімен танысып, жаңа сөздер үйреніп, қызықты тапсырмалар орындады. Мұғалімі Есболсын Т. Е.
2025 жылдың 14 наурызында Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 5В сыныбында «Көзіңді қорға» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға компьютермен жұмыс жасау кезінде көзді қорғау ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, олар өздері көзді қорғау бойынша ережелер құрастырып, постерлер дайындап, қорғады. Оқушылар белсенділік танытып, сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті.
Пән мұғалімі: Байсакалова А. Ж.
13-наурыз күні,қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында,5-сыныптары үшін отбасылық “Квест” ойыны өткізілді. Ата-аналар мен оқушылар әртүрлі аялдамалардың тапсырмаларын орындап,жұмбақтарды шешті. Қазақ тілі білімдерін көрсетіп,шапшаңдылықпен ерекшеленді. 5 “в” сыныбы 1-орынды,5 “б” сыныбы 2-орынды, 5 “а” сыныбы 3-орынды иеленіп мадақтау қағазы мен сыйлықтармен марапатталды.
14 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 4В сыныбында "Қалдықсыз өмір сүрейік" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Оқушылар сабаққа белсене қатысып, үйден тұрмыстық қалдықтардан әртүрлі бұйымдар жасап әкеліп, өз қолдарымен жасалған шығармашылық жұмыстарын таныстырып, экологиялық мәселелерді шешудің жолдары туралы ой бөлісті.
Мұғалім сабақты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты әрі мазмұнды етіп өткізді. Сабақ барысында оқушылар экологиялық сауаттылықтарын арттырып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын тереңірек түсінді.
Мұғалімі: Күзембай М. Ж.
28 наурызда мемлекеттік тіл кафедрасының мәжілісі өтіп, онда әр мұғалім дарынды балалармен жұмысты саралап, өзін-өзі тәрбиелеу жоспарына талдау жасады. Сондай-ақ 4-тоқсанның жоспары, онкүндіктің қорытындысы бойынша мәселелер және т.б.. Мемлекеттік тіл пәнінің мұғалімі Тюлемисова Г.С «Білім беруді жетілдірудегі маңызды жұмыс түрлері» тақырыбында өз баяндамасын көрсетті. Жиын соңында сауалдардың бірі Ғайни Сайынғалиқызы қатысқан республикалық съезге арналды. Тұсаукесерде көптеген қызықты жайттар болды, мұғалімдер көп ақпарат алды.