№2 Хромтау гимназиясы
2023 жылдың 6 қаңтарында №2 гимназияда «Оқытуда белсенділік тәсілін ұйымдастыру, білім алуда оқушылардың дербестігін арттыру, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.Жұмыс барысында гимназия оқушыларының білім сапасының қорытындысы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Адылованың баяндамасы қаралып, әр мұғалімге және сыныптар бойынша жеке бақылау жүргізу ұсынылды.Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Уразбаева гимназия мұғалімдерінің кәсіби деңгейіне және олардың кәсіби сайыстар мен семинарларға қатысуына талдау жасады.Күн тәртібіне сәйкес бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісін дамыту, жас мұғалімдер мектебінің жұмысы, дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби қызметі мәселелері айтылды.Мектептің кітапханашысы Ақказиева Г «Оқу мектебі» бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы толық баяндама жасады.
29.12.2022 ж."АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІ" АТТЫ ЭНЦИКЛОПЕДИЯНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
29.12.2022 ж облыс әкімдігінің ғимаратында үздік педагогтердің еңбектерін насихаттау, озық ұстаздардың тәжірибесін тарату, қоғамдағы беделін арттыру, мәртебесін көтеру және оның мамандығының қажеттігін көрсету мақсатында жарық көрген «Ақтөбе облысының үздік педагогтері 2012-2022жж.» атты энциклопедияның тұсаукесері өтті. Аталған энциклопедияға 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы мен жергілікті «Ақтөбе облысының үздік педагогі» және «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағы иегерлерінің еңбек жолы мен үздік іс-тәжірибелері енді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Жаманбаева республикалық көлемде танымал болып, кәсіби мықтылығын мойындата білген педагогтерімізге энциклопедияны табыстады. Хромтау ауданынан №2 Хромтау гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.С.Тюлемисова қатысты