№2 Хромтау гимназиясы
Ағылшын тілі мұғалімдерінің апталығы
2024 жылдың 2 мен 6 желтоқсан аралығында «№2 Хромтау гимназиясы» КММ-де ағылшын тілі мұғалімдерінің апталығы өтуде. Ал бүгін, 2 желтоқсанда ағылшын тілі мұғалімдері гимназияның педагогикалық ұжымы мен оқушыларын маршрут парағы түріндегі ерекше шақырулармен қарсы алды. Апталық барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар және ойын-сауықтық үзілістер жоспарланған.
Ағылшын тілі мұғалімдерінің апталығын 10-сыныпта «Apps on the go» тақырыбында ашық сабақ өткізген мұғалім және тәлімгер Н.В.Хамидуллина ашты. Мұғалім оқушыларды тақырып бойынша білімдерін пысықтау мақсатын қоя отырып, сабаққа белсенді танымдық іс-әрекет және нәтижелі жұмыс режиміне қатыстырды, оқушылар жұппен, топпен белсенді жұмыс жасады, сонымен қатар өз бетінше жұмыс жасады, ал мұғалім Wordwall платформасы, оқушыларға интерактивті тапсырма дайындады Тапсырмаларды орындау арқылы 10 сынып оқушылары ағылшын тілінде коммуникативтік дағдыларын көрсетті.
2024 жылдың 3 желтоқсанында Ағылшын тілі мұғалімдері апталығының жоспары бойынша 7Б сыныбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.А.Махимованың ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Language focus 1: will, might/may + adverbs of possibility». Сабақ жұптық, топтық және жеке тапсырмаларды қамтитын интерактивті форматта өтті. Мұғалім әртүрлі жұмыс әдістерін белсенді түрде қолданды, бұл оқушылардың тақырыпты жоғары деңгейде меңгергендігін көрсетуге мүмкіндік берді. Балалар шет тілінде өз ойларын сенімді түрде айтып, бір-бірімен белсенді араласты. Сабақ жақсы нәтиже көрсетті, оқушылар өте жақсы білімдерін және материалды түсінгендерін көрсетті.
3 желтоқсан күні «Ағылшын тілі мұғалімдері апталығының» жоспары бойынша 7 «А» сыныбында ағылшын тілі мұғалімі А.Е.Сарсенбаеваның " Space and Earth " тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар түрлі қызықты және танымдық тапсырмаларды белсенді түрде орындады, жұппен, топпен жұмыс жасады. Мұғалім оқушыларға ағылшын тілін тиімді оқыту үшін түрлі педагогикалық әдістемелер мен жасанды интеллектті пайдаланды.
4 желтоқсан күні ағылшын тілі мұғалімдері апталығының жоспары бойынша 5 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Н.Улукпанованың «An online forum” тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар топпен, жұппен, жеке жұмыс жасады. Оқушылар әртүрлі тапсырмалармен жұмыс істеді, мұғаліммен ойын әдістері де, АКТ қолданылды. Сабақта оқушылар белсенділік танытты
9 «А» және 9 «Б» сыныптарының қатысуымен «Шай ішу» атты сабақтан тыс қызықты іс-шара «Алиса ғажайыптар елінде» стилінде өтті ». Сондай-ақ балалар қонақтар мен қатысушыларға шәй ұсынып , ән айтып, қызықты ойын ойнады. Мұғалімдер: Елшибекова Г.А., Сарсенбаева А.Е. және Махимова Д.А.
2024 5 желтоқсан күні ағылшын тілі апталығы аясында 10-сыныпта мұғалім Г.А.Елшибекова “How VR works” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында балалар «Виртуалды шындық» тақырыбын талқылады: ол қалай жұмыс істейді және ол не үшін қолданылады. Мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін және жасанды интеллектті қолданды. Балалар ағылшын тілін жетік меңгерді және сабақ бойына белсенді қатысты.
4 желтоқсан күні Ағылшын тілі мұғалімдері апталығының жоспары бойынша 5 «Б» сыныбында жас мұғалім, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бисенбай А.Ж. "Jobs" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ интерактивті және ойын түрінде өтті, бұл оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік берді.