№2 Хромтау гимназиясы

 

2024-01-31_124618.jpg

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" ММ «№2 Хромтау гимназиясы»
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" ММ «№2 Хромтау гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағылшын тілі пәні, информатика пәні, математика пәні, химия пәні, физика пәні, тарих пәні, дене шынықтыру пәні, робототехника пәні, бастауыш класс, көркем еңбек пәні (ер балалар), мектеп алды даярлық мұғалімдерінің бос орнына қабылдауға конкурс жариялайды.
Мекеме атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ-нің «№2 Хромтау гимназиясы» КММ.
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Надежды Курченко көшесі 1. Эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон номері: 8(71-336) 21-0-45; 8705-310-43-01
Конкурс комиссиясының отырысы 28 тамыз 2023 жылы сағат 10.00 де "№2 Хромтау гимназиясы" КММ өтеді
Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж. № 121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері:
64. Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді; журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады; оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

66. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл
Еңбек ақы мөлшері: 100000 (жүз мың) теңге
Бос орындар атауы:
Ағылшын тілі пәні мұғалімі - 16 сағат
Информатика пәні мұғалімі - 16 сағат
Бастауыш класс мұғалімі - 16 сағат
Математика пәні мұғалімі (2 мұғалім) - 16 сағат
Химия пәні мұғалімі - 16 сағат
Физика пәні мұғалімі - 16 сағат
Тарих пәні мұғалімі - 16 сағат
Дене шынықтыру пәні мұғалімі (2 мұғалім) - 16 сағат
Робототехника пәні мұғалімі - 16 сағат
Көркем еңбек мұғалімі (ер балалар) - 16 сағат
Мектеп алды даярлық - 20 сағат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11 тамыз 2023 жыл - 22 тамыз 2023 жыл
Қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Мектептің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды www.enbek.kz; gimnaziya2.edu.kz; khromtauskaya_gimnaziya2

Конкурс қортындысының хаттамасы № 13

Хабарландыру
Құрметті ата-аналар!

№2 Хромтау гимназиясы 2023 жылдың тамыз айының 01-25 күндері аралығында сағат 9-00 ден 11-00 аралығында 1-сыныпқа қабылданған балаларды дайындау мақсатында «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары жүргізілетінін хабарлайды.
Бұл- мектепке дейінгі мекемелерге бармаған оқушылардың ата-аналары үшін маңызды ақпарат.
Даярлық курсының мақсаты: балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық - еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.
Балалардың мектепке келуін және үйге қайтуын ата-аналардың алып келу, алып қайту жауапкершілігі жүктеледі.
Ескерту: Толық мәлімет алу үшін мектептің төменде көрсетілген телефонына хабарласуға болады. тел 8(71336) 21-0-45; Ұялы тел: 87777261561

Гимназия әкімшілігі

Объявление
Уважаемые родители!

Хромтауская гимназия № 2 сообщает, что  в целях подготовки детей принятых в 1-й класс с 01 по 25 августа 2023 года с 09.00 до 11.00 часов  будут проводиться краткосрочные курсы «Малышкина школа» дошкольной подготовки.
Это важная информация для родителей школьников, не посещавших дошкольные учреждения.
Цель подготовительного курса: создать образовательную среду, способствующую формированию у детей стремления к обучению в школе, интеллектуальной, эмоциональной и добровольной готовности, обеспечить их успешную адаптацию в 1 классе.
Родители несут ответственность за прибытие детей в школу и из школы.
Примечание. Для получения дополнительной информации вы можете связаться со школой по телефону, указанному ниже телефон 8(71336) 21-045; Мобильный телефон: 87777261561.

Администрация гимназии

         №2 Хромтау гимназиясы атынан "Оқу-ағарту Министрінің Алғысымен" марапаттауға кандидатура ұсыну бойынша педагогикалық Кеңес отырысының хаттамасы 1 бет  2 бет

Мемлекеттік рәміздері

Директор блогы

_WhatsApp_2024-01-12_в_10.55.43_18c0e830.jpg

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ
БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігімен әзірленген
 
Tilqural.kz
Вalatili.kz
Qujat.kz

instagram

Сенім телефоны

1

 

21-0-45

Copyright © 2024 КГУ гимназия №2 города Хромтау. All Right Reserve.